- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өртеніп кеткен". Ақмола...
"Өртеніп кеткен". Ақмола облысында бір көліктегі төрт адам жантүршігерлік жол апатынан қаза болды
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі ересек адам мен екі бала қаза тапты. Қайтыс болған балалардың біреуі небәрі үш айлық, екіншісі 11 жаста, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 15 желтоқсанда Есіл аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем диспетчерінен Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолының Ковыльное ауылы маңында жол апаты болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
Оқиға тасжолдың 244 шақырымында болған. Есіл тұрғыны - "Ауди 100" көлігінің жүргізушісі Қостанай облысының Октябрьское ауылына қарай бет алған. Сол бағытта оның соңынан 18 жастағы жүргізуші тізгіндеген "ВАЗ 21014" көлігі келе жатқа, ол "Ауди" көлігін артынан соғып, нәтижесінде ол қарсы жолаққа шығып кеткен. Кейіннен қарсы келе жатқан VOLVO жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Осының салдарынан көлік жол жетіне шығып кетіп, сонда өртеніп кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Ауди 100" жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, осы көліктің жолаушылары (әйел, 3 айлық бала және 5-сынып оқушысы) тірідей өртеніп кеткен. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта екі көлік те толықтай жанып кеткен.
Осы факт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан