Өртенген көліктен табылған мәйіт: Талдықорғанда күдікті қолға түсті

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кетіп, бір күннен кейін өртенген көлігінің ішінен денесі табылған тұрғынды өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша күдікті қамауға алынды.

"Полициямен бұрын хабар-ошарсыз кеткен облыс орталығының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Талдықорған қаласының аумағындағы жолдың бойында жоғалған адамға тиесілі автокөлік табылды. Жиналған заттай дәлелдемелердің негізінде жедел-уәкілдер қылмыс жасағанын мойындаған 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті азамат қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз