Өртенген "Ақкент" тұрғындарына екі айдан кейін ғана пәтерлеріне кіруге рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімдігі тұрғын үй кешенін салушы Ayt housing Complex ЖШС-мен келіссөз жүргізген. Оның қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданған:
Еске салайық, Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.
Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.
Сондай-ақ, өрт шыққан үйдің ішкі көрінісі жарияланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!