- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Орташа табыс тұзағына"...
"Орташа табыс тұзағына" түсіп қалдық". Тоқаев ел экономикасы туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасы қарқынды өсуі үшін оған Үкімет те ынталы болуы керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кейінгі жылы экономикамыз небәрі 3,2 пайызға, ал биылғы 3 айда 4,9 пайызға өсті. Сандар жаман емес, бірақ олар қанағат пен оптимизмді тудырмауы керек. Қосымша өсу көздерін іздеу керек. Үкімет экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ынталы болуы керек. Бұл - уақыт пен қазіргі жағдайдың талабы.
Кейінгі 10 жылдағы экономиканың инерциялық өсу қарқыны біздің елдің "орташа табыс тұзағына" түсіп қалуына әкеп соқтырды. Егер қазір сапалы экономикалық өсу үшін берік іргетас орнатпасақ, халық табысының тоқырауы жақындап қалды.
Сарапшылардың есептеуі бойынша, Қазақстан табыс деңгейі жоғары елдер санатына кіруі үшін жыл сайын 6 пайыз деңгейінде, яғни қазіргі қарқыннан бір жарым есе жоғары өсімді қамтамасыз етуі қажет", - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова