Орташа жылдамдық бақыланатын жаңа учаске пайда болды

Орташа жылдамдық бақыланатын жаңа учаске пайда болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысындағы Жайсаң - Ақтөбе - Қызылорда тасжолының бір бөлігінде көліктердің орташа жылдамдығын бақылау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүйе 10 тамыздан бастап Ұлғайсын және Қалыбай елді мекендері арасындағы учаскеде жұмыс істеп тұр.

Камералар көлікті бақыланатын учаскенің басында және соңында тіркейді. Содан кейін ол көліктің осы аралықты жүріп өткен уақытына сүйеніп, орташа қозғалыс жылдамдығын есептейді.

Сондықтан тек камераның алдында жылдамдықты азайту нәтиже бермейді. Бүкіл учаскедегі орташа жылдамдық рұқсат етілген шектен асса, жүйе заңбұзушылықты автоматты түрде тіркейді.

Полицияның мәліметінше, мұндай бақылаудың басты мақсаты - жүргізушілер жылдамдық режимін тек камера алдында емес, жолдың бүкіл бөлігінде сақтауына қол жеткізу.

Сонымен қатар, 10-12 тамыз аралығында Қазақстанда "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget