- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айппұлдан құтылмайсың
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Қазақстанда жаңа заң аясында жүргізушілер орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл арқалайтын болып шешілген-ді. Алайда кейбір жүргізушілер бұл ережені айналып өту жолдарын іздеп, әлеуметтік желілерде өздерінің "лайфхактарын" бөлісуде. Бірақ полиция бұл әрекеттердің тиімді еместігін ескертеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.
4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жаңа заң күшіне енді, оған сәйкес жүргізушілерге орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынатын болады. Алайда кейбір қазақстандықтар бұл заңнан қалай айналып өтуге болатынын әлеуметтік желілерде жар сала көрсетіп жүр. Дегенмен ол "лайфхактар" іс жүзінде жұмыс жасай ма?
@abdulaev._.04 #казахстан #штраф #рекомендации #закон #врек ♬ оригинальный звук - Vaxxabova.Y
Естеріңізге сала кетейік, орташа жылдамдық - бұл көлік құралының белгілі бір жол учаскесін өту үшін кеткен уақыт пен арақашықтықтың арақатынасы. Яғни жүргізуші А пунктінен Б пунктіне дейін белгіленген уақыт ішінде жетуі керек, сәл кешігуге болады, бірақ уақытынан бұрын жетпеуі тиіс.
Алайда бұл жаңашылдықты айналып өтеміз деушілер көбейді. Жүргізушілер әлеуметтік желілерде жолды белгіленген уақыттан тезірек жүріп өтіп, айыппұл алмау үшін бақылау аркасына дейін жетпей, жолдың шетінде ұзақ уақыт күтіп отырады екен.
Десе де, әкімшілік полиция комитеті бұл әдіс нәтиже бермейтінін жеткізді.
"Жүйе жолдың әр бөлігінде жылдамдықты бақылайды. Мысалы, Астана-Щучинск трассасының ұзындығы 239 км, оны өту үшін шамамен 2,5 сағат қажет. Жолдың әр бөлігінде 50-70 км сайын бақылау аркалары орнатылған және жүргізушінің осы аралықтар арасындағы уақытын да тіркейді", - делінген мәлімдемеде.
Осылайша, жылдамдықты барлық учаскелерде асырып, соңғы арка алдында күтіп тұру сізді айыппұлдан ада етпейді. Себебі жүйе әрбір аралықта жылдамдықты бақылап отырады.
Жалпы алғанда, тек орташа жылдамдықты сақтап жүру қажет, бұл жағдайда айыппұлдан құтылуға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Н. Ынтымақұлы