Орташа жалақы мөлшері жарияланды: ең жоғары көрсеткіш қайда?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа жалақы мөлшері туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

II тоқсанда орташа айлық номиналды жалақы (кәсіппен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 486 388 теңге болды. Бір тоқсан ішінде орташа жалақы 5,4 пайызға өскен.

Өңірлер бойынша 

Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында (673 656 теңге), Астанада (647 920 теңге), сондай-ақ, Атырау облысында (631 555 теңге).

Алматыда орташа жалақы 610 371 теңге, Шымкентте 377 710 теңге.

Ең төмен көрсеткіштер Жетісу (377 798 теңге), Жамбыл (375 456 теңге), Түркістан (370 964 теңге) және Солтүстік Қазақстан (363 123 теңге) облыстарында тіркелген.

Медианалық жалақы

II тоқсанда жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орта деңгейі) 348 415 теңге болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!