ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Асылбек Нұралинді тіркеу туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Асылбек Нұралинге белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.
Гауһар Танашева мәжіліс депутаты ретіндегі өкілетінен айырылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!