- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орталық мемлекеттік архив...
Орталық мемлекеттік архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды
Биыл Орталық мемлекеттік архив ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне еніп, "Мәдени мұра" мәртебесіне ие болды. Осыған байланысты бүгін ғимаратқа орнатылған арнайы таңбасы көрсетілген ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің құрметіне Орталық мемлекеттік архив ауласына шырша отырғызылды.
Сондай-ақ тұрақты жұмыс жасайтын қызметкерлердің бос уақытында бимен, спортпен айналасуына арналған жаттығу залының ашылуы рәсімі өтті.
Орталық мемлекеттік архивте арнайы жұмыс бөлмелері мен қор көмегімен жарыққа шыққан кітаптар сақталған шағын кітапхана ашылды.
Іс-шараға қатысқан танымал ғалымдар, кітапхана, музей қызметкерлері архив кітапханасына жаңа кітаптарды сыйға тартты.
Тұңғыш Елбасының "Архив-2025" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өзара келісімшарты негізінде Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдарымен бірлесе отырып, Орталық мемлекеттік архив тарапынан қызметкерлер арнайы іссапармен Ресейдің бірқатар архивтеріне барып, қазақ тарихына қатысты құжаттарды айқындап, көшірмелерін жинақтап әкелді. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы архивтерінен әкелінген құжаттар көшірмелері дәліздегі арнайы көрмелерге орналастырылды.
Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірігіп жарыққа шығарған "Национальное-освободительное движение казахского народа в конце ХVIII в начале XX веков" атты архив құжаттары мен материалдар жинағының салтанатты түрде тұсаукесері өтті.
Сонымен қатар, Орталық мемлекеттік архив директоры Арнұр Жасабекұлы осы іс-шараға атсалысқан ғалымдар, мен қызметкерлерге арнайы марапаттау қағазын табыстады.
Т. Есқали