Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Германияның экономикалық ынтымақтастығының негізгі мәселелеріне тоқталды.
Мемлекет басшысы кездесу қатысушыларына жуырда германиялық HMS Bergbau компаниясының басшылығымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және алдағы уақытта литий өңдеу кешенін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені жөнінде мәлімет берді. Инвестиция көлемі – 500 миллион доллар.
Жиында аймақ мемлекеттері басшыларымен қатар, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер, сондай-ақ Linde, Knauf, Aurubis, German Seed Alliance GmbH, Ernst Klett AG және басқа да неміс компанияларының топ-менеджерлері баяндама жасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!