- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ортаға молданы салып,...
"Ортаға молданы салып, дүние сұрау біздің салт-дәстүрімізде болған ба?" Жазира Байырбекова мәһр туралы ойын айтты
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында "мәһр" туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ер адам әйеліне сыйлықты өз еркімен сыйлағаны дұрыс санайтынын жеткізді.
"Мәһр" сұраған сіздерше жақсы көріне ма?
Жігіт сыйлықты өз қалауымен алып берсе әдемі емес пе, мәжбүрлемей.
Өзім күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеген соң көзім үйренбеген бе білмейм.
Оның үстіне "ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі" деген сөз бар еді. Ортаға молданы салып, дүние сұрайтын біздің салт-дәстүрімізде болған ба?
Мәһр сұрағандар мен сұрамағандардың отбасына әсері, айырмашылығы қандай жазыңыздаршы. Біле жүрейік.
Мәһрді қолдайтындарыңыз "1" санын
Қолдамайтындарыңыз "2" санын жазып өтіңіздер!" - деп жазды ол.
View this post on Instagram
Осы тұста Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
"Мәһрсіз мәңгі жаныңда болғанға не жетсін. Мәһрдің мағынасын түсінбей сұрай береді. Мәһр деген жолдасың қайтыс болса, бала-шаға аш қалмауы үшін сұралатын мүлік. Жаугершілік заман емес, тыныш заманда жолдасыңмен мәңгі бірге болған жақсы", "Мәһр деген болмаған қазақтың дәстүрінде, бұл өзге елден келген", "Мәһр шариғат заңы. Орнымен сұраса, әдемі жоралғы" - деп жазды олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ыстықта не істеуге болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә