Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанат салығы енгізілетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өркениетті сауданы дамыту үшін мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында "сән-салтанат салығын" енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын сатып алған кезде алынады және орта тапқа әсер етпейді", - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!