- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өрт сөндіргішті қолданбаңыз....
Өрт сөндіргішті қолданбаңыз. Автокөлік өртенген кезде не істеуге болмайды?
Автокөліктен өрт шығуы қас қағым сәт. Өйткені ұсақ-түйік сымдардың қысқа тұйықталуы немесе дұрыс жалғанбауы көліктің өртеніп кетуіне себеп бола алады. Мұндай жағдайда жүргізушіге қалай әрекет ету керек? Massaget.kz тілшісі біліп көрді.
- Үрейленбеу керек
Ең алдымен сабырлылық сақтап, мүмкіндігінше үрейленбеу қажет. Жағдайды бағамдап жолаушыларды эвакуациялаңыз. Жаныңызда жолдасыңыз немесе жақын маңда адамдар болса өрт сөндіру қызметіне хабарласуды өтініңіз. Өзіңіз тұрған көше атауын білмесеңіз навигаторды пайдаланыңыз. Қаперіңізде болсын: өрт болған кезде әрбір секунд бағалы болмақ.
- Жалынды сөндіруге тырысыңыз
Жалынды өрт сөндіргішпен сөндіруге тырысыңыз. Құралды өрттің негізгі өзегіне бағыттаңыз. Жанып жатқан көлікке жақындаған сәтте абай болыңыз. Көліктің қаңқасына қол тигізбеңіз және салондағы жалынды сөндіру үшін кабинаға кіруден аулақ болыңыз. Ескеретін жайт: жақын жерде қосымша өрт сөндіргіштердің бар екеніне сенімді болсаңыз ғана сорғышты ашуыңыз керек. Өйткені, мұндай әрекет оттегінің жеткізілуіне байланысты жалынның күшеюіне әкеледі, яғни бір өрт сөндіргіш сізге жеткіліксіз болып қалса жалынның қайта күшеюі ықтимал. Сондықтан өрт сөндіргішті орынсыз қолданбаңыз.
- Адамдардан көмек сұрау
Мәселені жалғыз шешуге тырыспаңыз. Өтіп бара жатқан жүргізушілерден, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан және кездейсоқ өтіп бара жатқан жандардан көмек сұраңыз. Мұндай жағдайда адамдардың көпшілігі көмектесуге дайын. Әдетте әрбір көлікте өрт сөндіргіш бар. Қиын жағдайда сенімділік беретін және оны аз шығынмен шешуге мүмкіндік беретін сыртқы көмек болуы мүмкін.
- Көліктің ішіндегі құжаттар мен гаджеттерді алуға болмайды
Егер өртті сөндіру мүмкін болмаса және өрт сөндірушілер әлі келмесе, жанып жатқан көліктен мүмкіндігінше алыс жүруге тырысыңыз. Құжаттарды, құндылы заттарды, гаджеттерді және басқа да маңызды дүниелерді кабинадан шығаруға тырыспаңыз. Біріншіден, бұл жағдайда көміртегі тотығымен және басқа жану өнімдерімен улану қаупі бар. Екіншіден, көлік жарылуы мүмкін. Бұл әсіресе бензин мен дизельді автомобильдерде сирек кездеседі, бірақ жарылыстың болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал газбен жүретін көліктердің жарылып кету қауіпі басым. Газ баллондары отқа оранбаса да, жоғары температурадан жарылып кетуі мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Зинешов