“Өрт кезіндегі алгоритм жұмыс істемеді“. Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

“Өрт кезіндегі алгоритм жұмыс істемеді“. Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Олжас Бектенов өртті сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда өртке жедел ден қою үшін жаңа іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Бірақ Павлодар және Абай облыстарындағы алғашқы табиғи өрттер оның орындалмағанын көрсеткен.

"Абай облысында орман мекемелерінің қызметкерлері ТЖМ, ІІМ және Қорғаныс министрлігін өрт туралы жедел хабардар етпеген", - деді ол.

Павлодар облысында да осындай жағдай болған.

"Экология министрлігіне, ТЖМ және ІІМ-ге екі өңірдегі өрт деректері бойынша тиісті шаралар қабылдап, тергеу жүргізуді тапсырамын", - деп толықтырды премьер-министр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жазда аптап ыстық болатыны, ал орман шаруашылығында адамдар мен техника жетіспейтіні хабарланды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget