Орман алқабының аумағында аммиак төгілген: директорлар жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында орман мекемесінің директорлары Экология кодексін елемеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Мәселеге не түрткі болды?

"Ақан-сері", "Бұрлық", "Мамлют" және "Есіл" орман шаруашылықтары Кодекс талаптарын бұза отырып, 2023 жылы орманды молықтыру көлемін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген.

Басқа жағдайда, агроөнеркәсіптік кешен субъектісі Экологиялық кодексті елемеуі орман алқабының аумағында аммиак төккен, соның салдарынан орман қоры бүлінген.

Бұл ретте, орман мекемесі залалды өтеу бойынша уақытылы шаралар қабылдаған жоқ.

Прокуратура қандай шара қабылдап жатыр?

Прокуратура органдары табиғат қорғау заңнамасы саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
 
Орман заңнамасының сақталуын талдау шеңберінде орман алқабына келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданбау, сондай-ақ "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасының тиісінше орындалмауы, оның ішінде есепке алынбаған ормандар бойынша жұмыстың болмауы сияқты өрескел бұзушылықтар анықталды.
 
Орман кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) талаптарына қарамастан, облыс әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының лауазымды тұлғалары 2006 жылдан бастап Петропавл қаласының елді мекендерінің жерлерін кеңейту үшін орман алқаптарын алып қойғаны үшін 53 миллион теңге сомаға орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу жөнінде шаралар қабылданбаған.  

Залал сомасы қанша?

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекетке 53,2 миллион теңге залал өтеліп, орман мекемесінің 4 директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, прокуратураның ұсынысы бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік орман қорына кірмеген орман алқаптарын есепке алу бойынша бастапқы жұмыстар жүргізілді.

Табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселесі қадағалау органының бақылауында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз