Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-парақшасында студент кезіндегі қызық оқиғасын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Барлық сөмкең оригинал ма немесе көшірмесі бар ма" - деп сұрады Желіде оқырмандарының бірі.
Әншінің сөзінше, студент кезінде түрлі брендтің көшірмесін киген кездер болған.
"Студент кезде ауылдан келген қызбын, бренд дегенді түсінбеймін онша. Луйс Витон, абибас деп киіп жүре беретінмін! Өстік, өндік шүкір. Қазір тек оригинал, бір көшірме жоқ", - деп жауап берді ол оқырманының сұрағына.