- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өрескел". Тайвань Қытайға...
"Өрескел". Тайвань Қытайға жауап берді
Тайвань үкіметінің басшысы Су Чжэньчан Қытай арал маңындағы жаттығулар арқылы аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікті бұзу үшін өзінің әскери күшін "өрескел түрде" қолданғанын айтты. Премьер-министрдің баяндамасы YouTube-те өтті, - деп хабарлайды Bloomberg.
Саясаткер Бейжіңді әскери мүмкіндіктерін көрсетуді тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, Тайбэй Бейжіңнің қысымына және оның арал тұрғындарын қорқытудағы әрекеттеріне бағынбайды.
"Қытай аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзу үшін соғыс қимылдарын қолданды. Біз ешқашан қысымға бой алдырмаймыз. Біз бостандық пен демократияны қолдаймыз әрі тайваньдықтар есігімізде Қытайдың күш пен қару-жарақ қолдана отырып жүргізіп жатқан қорқынышты әрекеттерін қолдамайды деп сенеміз", - деді Су Чжэнчан.
Ол Қытай үкіметі арал маңында әскери әрекетін тоқтатуы керек екенін атап өтті, өйткені Тайвань ғана емес, басқа мемлекеттер де зардап шегіп жатыр.
"Тайвань ғана зардап шегіп жатқан жоқ. Тіпті көрші елдер де қатты наразылық білдірді, ал АҚШ сияқты бостандықты сүйетін және демократияны қолдайтын елдер мұны қатты айыптады", - деді Тайвань үкіметінің басшысы.
Айта кетейік, Бейжің өз аумағының бір бөлігі деп санайтын Тайвань төңірегіндегі жағдай АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайбэйге сапарынан кейін күрт нашарлады. Саясаткер Қытайдың наразылығына қарамастан даулы аралға барды. Пелосидің сапарына жауап ретінде Бейжің тарапы Тайвань аймағында ауқымды әскери жаттығулар өткізді.
Ж. Қадыржанова