Әнші Дастан Оразбеков 2025 жылдың ақпан айында "Орда" тобының қоштасу концерті болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Revue news бағдарламасында айтты.
"Тарайтын кез келді", - деді әнші, топтың мүшесі Дастан Оразбеков.
Ол "Орда" тобы 2025 жылдың ақпан айында Қазақстанның бірнеше өңіріне гастрольге шығатынын айтты. Ал Алматыда 25 жылдық қоштасу концерті болмақ.
"Бұл - "Орданың" соңғы туры", - деді топ мүшесі Дастан Оразбеков.
Топ тараса да, Оразбеков жеке шығармашылығын жалғастыра бермек. Оның сөзінше, топтың басқа мүшелері де өнерден қол үзбейді.
Айта кетейік, "Орда" тобы - алғаш рет 2000 жылы "Бауыржан шоу" әзіл-ысқақ театрының сахнасында өнер көрсеткен. Әуелде топ бес адамнан құралған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!