Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады? Бұл сұрақтың жауабы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкім бойынша ораза ұстаған адам қателесіп ішіп-жеп қойса да, ол күн қарыз болып есептелінеді.
"Ораза таң атқаннан басталып, күн басқанға дейін жалғасады. Алла Тағала Қасиетті Құранда: "..Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер..", - деген. Демек, таң атқаннан кейін ешнәрсе ішіп-жеуге болмайды. Қателесіп тамақ жеп, су ішіп қойған жағдайда оразасы бұзылады. Күн батқанға дейін ешнәрсе жемей, кейін сол сүннің қазасын өтейді", - делінген үкімде.
Айта кетейік, бұған дейін Ораза-2024. Биылғы пітір садақа мөлшері белгілені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Ораза кезінде тісті пастамен тазалауға бола ма?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз