Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталды. Сәресі ішудің өз артықшылықтары бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Muftyat.kz-ке сілтеме жасап.
Сәресі ішудің өзіндік берекеті мен артықшылықтары бар:
- Сәресін ішуге тұрған адамға Алла мен Оның періштелері салауат айтады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Расында, Алла және Оның періштелері сәресі ішкендерге салауат жолдайды", – деген.
- Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті орындалады;
- Құлшылыққа күш-қуат береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Күндізгі оразаларыңа сәресінің асын ішіп көмектесіңдер", – дейді.
- Ширақтықты арттырады (белсенділік, энергия, т.б);
- Аштықтан келетін нашар мінездің алдын алады;
- Сəресі дұғаның ең қабыл болатын кезіне сәйкес келеді;
- Сəресіде ниетті түзеп, ықыласты арттыруға мүмкіндік туады;
- Сәресіне тұрған адам таң намазына ұйықтап қалмайды.
Сондықтан мұндай пайдалардан құр қалмас үшін сәресіне тұрған жақсы. Алайда сәресі іше алмай қалып, ауыз бекіткен адамның оразасы дұрыс саналады.
Оқи отырыңыз: Ораза кезінде қалай тамақтану керек? Нутрициолог кеңесі