- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ораза-2024. Ораза уақытында...
Ораза-2024. Ораза уақытында темекі шексе, ораза бұзыла ма?
Рамазан айының келуіне екі аптадан аз уақыт қалды. Ораза уақытында темекі шексе, ораза бұзыла ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ораза кезде мейлі жай тутін болса да әдейілеп жұтса оразаны бұзады. Сол себепті аузы берік адам темекі тартса, оразасы бұзылады. Өйткені темекінің түтінінде никотин мен деготь және екеуінен белек заттар бар. Бұлардың бәрі пішіні бар тозаңдай заттар. Сақтану керек болған нәрсені ішке тарту ораза шарттарын бұзады".
Айта кетейік, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталатынын жазған болатынбыз. Ал Қадір түні 6 сәуірге қараған түнге сәйкес келсе, Ораза айт 10 сәуірде болады.
Оқи отырыңыз: Ораза ұстағанда ескеретін жайттар. Дәрігер кеңесі
А. Жапатова