- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ораза-2024. Жүкті және...
Ораза-2024. Жүкті және емізулі баласы бар әйел оразада не істейді?
Қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Жүкті және емізулі баласы бар әйел оразада не істейді? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүкті әрі емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстау өзіне немесе баласына зиян беруден қорықса, ораза тұтпауға рұқсат етіледі. Кейін оразаның қазасын өтейді.
Үзір себепті ауыздарын ашқандықтан кәффәрат міндеттелмейді. Оған коса, підияны да бермейді. Өйткені құрсақтағы немесе омырауындағы балаға қауіптенгені үшін ауыз ашқаны қарт кісінің мәселесіне ұқсамайды.
Підия – (орта есеппен) бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Підияны пітір садақа мөлшерімен есептеуге де болады. Підияны рамазан айының басында немесе соңында беруге болады.
Бірнеше күннің підиясын бір адамға немесе бірнеше адамға бөліп бере алады. Бұл садақа халықтың кедей топтарына, тұрмыстық жағдайы төмен көп балалы отбасыға, халі нашар мүгедек жандарға үлестіріледі. Підия беруге жағдайы болмаса, одан да босатылады. Алла Тағаладан кешірім тілейді.
Оқи отырыңыз: Ораза - 2024. Жас балаларға ораза ұстау міндет пе?
А. Жапатова