- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ораза - 2024....
Ораза - 2024. Жас балаларға ораза ұстау міндет пе?
Фото:
pixabay.com
2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Жас балаларға ораза ұстау міндет пе? Бұл сұраққа Muftyat.kz инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:
"Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанга дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан".
Балиғат жасы ер балалар үшін 13 жас болса, қыз балалар үшін 10-11 жас аралығы.
Оқи отырыңыз: Жолға шыққан адам қандай жағдайда ораза ұстамаса болады?
А. Жапатова