2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ингалятор қолдану оразаны бұза ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ауыз, мұрын, құлақ арқылы ішке барған нәрселер оразаны бұзады. Ингалятор секілді аппараттармен шашқан дәрі ішке кеткендіктен, ораза бұзылады. Мұндай аппаратсыз жүре алмайтын кісілер ораза ұстамайды", - деп жазды Muftyat.kz.
Оқи отырыңыз: Жолға шыққан адам қандай жағдайда ораза ұстамаса болады?
Ата-ана балаға ингаляция жасау кезінде қандай қателер жібереді? Педиатрмен сұхбат