Ораза-2024. Байқамай тамақ ішу оразаны бұза ма?

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталды. Байқамай тамақ ішу оразаны бұза ма? Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісіне ҚМДБ мамандары жауап берді.

ҚМДБ мамандары ораза кезінде байқамай тамақ ішу оразаны бұзбайтынын айтты.

"Ораза кезінде ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де – Алла", – деген. Ал егер оразам бұзылды деген оймен, білместікпен ішіп-жеуін ары қарай жалғастырса, рамазан айынан соң сол күннің қазасын өтейді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Сәресіні ерте ішіп қоюға бола ма?