Рамазан айының келуіне 13 күн қалды. Ауыр жұмыс істейтін адам ораза ұстамаса бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аузы берік адам (ауыр жұмыс істеу арқылы) катты шөл мен аштыққа шалдығып, сол үшін өмірінен не есінен айырылатындай жағдайға душар болса, онда оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі.
Кейін бұл күннің қазасын ғана өтейді. Тек өзін әлсіретуге өзі себепші болып, тіпті ауыз ашуға дейін алып барса, әрі бұған ешқандай зәрулік жағдай түрткі болмаса ғана кәффаратын өтейді.
Сондықтан наубайшы, егінші секілді ауыр жұмыс істейтіндер оразасын аяғына дейін ұстауға кедергі келтіретіндей тым көп жұмыс істемеу керек. Рамазан күндерінде күндізгі жұмысын қысқартуы немесе түнгі уақытқа ауыстыруы кажет.
Айта кетейік, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталатынын жазған болатынбыз. Ал Қадір түні 6 сәуірге қараған түнге сәйкес келсе, Ораза айт 10 сәуірде болады.
Оқи отырыңыз: Ораза ұстағанда ескеретін жайттар. Дәрігер кеңесі