Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақаның мөлшері анықталды. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!