"Орану - ойыншық емес". Алтынай Жорабаеваның келіні хиджабын шешкендерді сынап тастады

Әнші Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым  Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында хиджабын шешіп тастағандар туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әншінің келіні хиджабқа толық дайын болып келген.

"Алланың қалауымен хиджабқа (орану) келгеніме 9 жыл болыпты. Толық дайын болып келдім деп ойлаймын. Өйткені тұрмысқа шыққанда күйеуіме "болашақта орамал тағамын" деп айтқанмын. Орану – ойыншық емес. Әрі оны өзге жанға тықпалау дұрыс емес. Мен қанша жыл орамал тағып жүрсем де, дін туралы ештеңе айтқан емеспін. Өйткені пәлен жыл діни білім алған ұстаз емеспін. Орамалды әр әйел өз қалауымен тағуы керек", - деп жазды ол.

Аяулым Жорабаева орамалды тағып, шешкендерге қарап жүрегі ауыратынын айтты.

"Бұл тема қайдан шықты?! Оранып, сосын оны шешкен соң қайта әурет жерлерін түк болмағандай көрсете салу. Соларды көріп жүрегің ауырады екен. Олай ешкімді сынамасын, өте қорқынышты. Орамалды шешкен қыздарды сынамаймын. Әуреттерін ашып кеткеніне жүрегім ауырады. Қимаймын. Бұл мәртебеге жете алмай жүргендер қаншама", – деп жазды ол. 
 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!