- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Орамалға келуді 23...
"Орамалға келуді 23 жыл бойы армандадым". Индира Расылхан халыққа ренішін білдірді
Танымал әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында орамалға келуді 23 жыл бойы армандағанын жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің оқырманы әншінің жазбасына пікір қалдырған.
"Оранғаның ұнамайды, қалғаны супер. Заң шығып, оранғандар орамалын шешіп, байырғы әдемі кейіпіңе келсең қуанамын", - деп жазған оқырман.
Индира Расылхан оқырманына жауап қайтарып, ренішін білдірген. Тіпті орамал тағу қанша жылдық арманы екенін айтты.
"Мен орамал шешетін болсам, қуанатын адамдар бар екен. Астағфируллаһ!
Бұл орамалға келу мен үшін неше жылдық арман екенін білсеңіз ғой. 20 жасымнан алла намаз бұйырған болса, тек 23 жылдан соң орамал бұйырды. Мен қаншама жыл армандадым. Сіздей адамды қуанта алмайды екенмін олай. Алла осы орамалымды ақырғы деміме дейін шешпеуімді нәсіп етсін!" - деп жазған ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алакөл суының қандай емдік қасиеті бар?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә