- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орамал таққан әжелеріміздің...
Орамал таққан әжелеріміздің ешқайсы сексологқа бармаған - Нұрлан имам
Нұрлан имам әйелдердің сексологтардың курсын сатып алуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біздің орамал таққан әжелеріміздің ешқайсы сексологқа бармаған. Күйеуді ұстаудың курстарының ешқайсын өтпеген. Біздің аналарымыз өтпеген. Оны жақсы білемін. Әкелерімізбен жақсы, бақытты өмір сүріп жатыр. Бұл жерде "орамал таққан қыздар кішкене заманауи. трендтегі сексологиядан хабары жоқ" деген түсінік бар шығар. Мен сізге айтайын: бәрінен хабары бар. Қазір бәрі іздеп жүріп оқиды. Нені қысу керек, нені тарту керек, кімге қалай сөйлеу керек - бәрін біледі.
Біздің табиғатымызда бар екен: қозы немесе мысық, марғау туғанда анасының емшегін мұрнына тыққан хайуан жоқ. Бәрі инстинкт дәрежесінде аузына салады. Көп психологтың қателігі де осында. Кішкентай балаға сексологиядан хабар беру керек дейді. Жалпы бір батыстық түсінік бар. Батыстың психологиясының көп жері бізге келмейді. Жалпы мұсылманға келмейді", - дейді имам.
мммм
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина