- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Орамал таққалы қоғамға...
"Орамал таққалы қоғамға қауіп тудырып жүр екенмін..." Шоу-бизнестегі образын өзгерткен арулар
Шоу-бизнес өкілдері жаңа образдарымен халық арасында жиі талқыға түседі. Әдетте ел алдында жүргендердің басым көпшілігі ашық образдарымен сыналады. Енді бір қатары Желіде орамалға келгенін айтып жатады. Massaget.kz тілшісі орамалға келген әртістерге шолу жасады.
"Қорқа қарап, шошитындай ештеңе жоқ"
Жақында дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Instagram желісіндегі парақшасында орамалға келгенін айтқан. Әншінің сөзінше, бұл оның жүрек қалауы болған.
"Ақ жаулықты анамыз ақ жүрегімен, ақ тілегімен сыйлығын берді. Осындай аналардың жолын жалғайын деп басыма орамал тақтым. Саналы түрде, жүрек қалауыммен осы шешімге келдім. 5 уақытымды түгендеп, анама жақсылық жасап, туыстарыма қарасып, елге әнімді, тағылымды термемді арнап жүрсем болғаны. Басқа арманым жоқ. Мені орамалмен көру қажы анамның тілегі еді әу бастан. Аллам разы болса, анам риза болса болды…" - деп жазған әнші.
Сондай-ақ, ол бұл әрекетінен қорқатындай ештеңе жоғын жазған.
"Орамалыма тиісетіндер де табылады. Қорқа қарап, шошитындай ештеңе жоқ. Қолыма домбыра ұстап, дәстүрлі әнді дәріптеп жүрген соң киімім де өнеріме сай болуы керек ғой", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әншінің бұл жаңалығынан кейін оқырмандары түрлі пікір жазған. Көбі қара орамал тағу дұрыс емесін айтқан.
"Орамал тартқаның дұрыс, бірақ қара түстіден тартпай-ақ қойғаның дұрыс сияқты", "Алла ниетіңді қабыл етсін, бірақ жарқырап ішінен ақ орамал тағыңыз. Қазақсыз ғой қара орамалдың мәнін, қандай адам тағатынын білетін боларсың", "Өзіміздің ұлттық кимешегіміз бар ғой. Соған ұқсатып басқаша бір үлгідегі әйел-қыздарға арналған бас киімді ойлап шығаруға болмай ма?", "Осы өнер адамдары соңғы кезде халықтың әбден көзіне түсіп алады да соңында орамал емес хиджап киіп шыға келеді. Одан да шашақты ақ орамал тақшы"" - деп жазған Желідегілер.
"Кимешек арман болған". Қазақ әйелдері қандай баскиім киген?
"Оранып кеткен бе?"
Актриса әрі блогер Жанель Мақажан жақында тұрмысқа шыққаны белгілі. Ол бұл жаңалықтан бөлек образына да біраз өзгеріс енгізген.
Актриса Желідегі бұрынғы орамалсыз суреттерін өшіріп тастаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жанель Мақажанның да бұл әрекеті көпшіліктің арасында түрлі пікір қалыптастырған.
"Оранып кеткен бе?", "Қандай әдемі жарасады сізге орамал, жүзіңіз нұрланып тұр", Маған ұнағаны орамалдан бұрынғы суреттерінің барлығын алдырып тастағаны. Басқалары "орамалға келдік" дейді де бұрынғы ашық, жабысқан киім киген фотоларын өшірмей солай қойып қояды. Ол да көзге түседі емес пе?" - деп жазған пікір білдірушілер.
"Орамал таққалы қоғамға қауіп тудырып жүр екенмін..."
Танымал айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева көптен бері орамал тағып жүргені белгілі.
Ол Желідегі жазбаларының бірінде орамалға байланысты проблема көп екенін де айтқан еді.
"Мен шет елге жиі ұшамын... Ұшып бара жатып та, келе жатып та түрлі кедергіге жиі тап боламын.. Жұрттың бәрі емін-еркін өтетін шекарадан мені жеке өткізеді, арнайы формадағы қызметкерлер жеке бөлмега апарып біраз тергеп барып жібереді.. Қайта-қайта қайталана берген соң неге бұлай боп жатқанын сұрастырдым... Сөйтсем бәріне "кінәлі" басымдағы ақ жаулығым екен... Мен орамал таққалы қоғамға қауіп тудырып жүр екенмін... Мен бір кездері телевизия саласында жұмыс істедім.. Сол кезде де орамалым үшін қайта-қайта сөз естуге мәжбүр болып, ақыры кетіп тынғанмын.. Орамал таққан қыздардың Қазақстанда жұмысқа кіре алмай шет елге көшіп кетіп жатқанын да білемін...", - дейді ол.
Айнұр Тұрсынбаева Мемлекет басшысынан орамал таққан қыздардың құқығын қорғауды сұраған.
"Құрметті Президент! Қазақстандағы орамалды қыздардың құқығын сіз қорғамасаңыз кім қорғайды?! Олардың ер азаматты аттап өтіп, аттандап алаңға шығуға ұяты жібермейді... Қазақ тарихында елеулі із қалдырған Домалақ ана, Бопай ханшайым, Әлпеш ана, Гаухар ана,Ұлбике, Сара ақындар ақ жаулықтарына адалдық танытып алаштың аналарына айналған жоқ па?! Шаштарын қызыл-жасылға бояп даналықты дәріптеген кім бар?! Алланың әміріне бойұсынып жүрген арулар ертең елдің тұтқасы болар адал ұлдарды дүниеге әкелмей ме?! Адамның кеудесіне не дін кіреді, не жын кіреді! Қоғамға қайсысы қауіпті?!.. Біз сіздерге арқа сүйейміз... Кешеден бері инстаграм әнші қыздардың жазбаларын өшіріп тастап жатыр. Неге?! Себебі қазақ сияқты текті халықтың рухын таптауға әлем қыздарымыз арқылы кірісіп жатыр! "Жатыр өзімдікі" деп жар салғызудың артында қазақты тамырымен құрту саясаты жатыр.. Осы мәселе осы күйінде қалмаса екен...", - деп ашынған ол Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушыларының басым бөлігі оның бұл мәлімдемесін қолдаған.
"Керемет айттыныз...", "Өте дұрыс айтасыз! Сіз сияқты дінім, елім, жұртым дейтін әпкелеріміз көбейсінші", "Өте орынды айттыңыз. Қолдаймыз", - дейді пікір білдірушілер.
Индира Расылхан
Танымал әнші Индира Расылханның да образы өзгергеніне көп болған.
Ол сұхбаттарының бірінде телеарналарға орамалы үшін шақырылмайтынын әу баста білгенін айтады.
"Сахнада мұндай жағдайлар болып тұрады. Кейбір жобалардан қысқартылған кезім де болды. Мені бұдан кейін телеарналар шақырады деп ойламаймын да. Орамалға келер алдында осындай нәрселер болатынын білгенмін. Соған орай сахнадан кетіп қалуға да, көрермендерден көз жазып қалуға, "әндерім тыңдалмай қалады, өнерім қалып қояды" деген сияқты қорқыныштың болмауы иманымның толықтағанында деп білемін. Менде ешқандай өкініш жоқ. Шақырмай жатса да бәрібір. Алла қаласа өзімнің арнамды ашқалы жатырмын. Сол жерде бағдарламаларымды да, әндерімді де тыңдай аласыздар", - деген еді Индира Расылхан сұхбаттардың бірінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Орамалыңды шеш" дейтіндер де бар"
Әнші Мөлдір Әуелбекова Желіде орамалға келуіне әсер еткен отбасы екенін жазған.
"Намазға келуіме (6 жыл бұрын) себепкер әкем! Үй ішімен намаздамыз. Ата-анам - қажылар. Сол кезден орамал киюге ниетті болып жүріп, 5 жыл өткен соң Алланың қалауымен орамалға да келдім", - деп жазғае әнші парақшасында.
Ал кейінгі сұхбаттарының бірінде "орамалды шеш" дейтін де адамдар барын айтқан.
"Орамал келген кезімде ғана намазға келді деп ойлады. Жоқ. Намаз оқып жүргеніме 7 жыл болды. Мен орамал тағам деп ниеттеніп 5 жыл жүрдім. Бәрін ысырып қойып мұндай дүниеге келу өте ауыр. Қазір екі жыл болды... Дін ұлтқа, нәсілге, тілге бөлінбейді. Әркім өзі біледі. Ең бастысы Алланың әмірі - әурет жеріңді жабу. Хиджаб ки, байлама ки, кимешек ки, байлама ки, арафатты ки, ондай нәрсе жоқ. Қызды қорғау мақсатында әмір етілген дүние. Қазақтың киімін киесің бе, арабтың киімін киесің бе, өзінің еркінде. Елжанды патриот адам ретінде өзіміздің салт-дәстүрімізге сай кимешегімізді, орамалымызды киюге тырыссақ салт-дәстүрімізден алыстамаймыз. ...Мен де заманауи киінгім келеді, тек орамалымды қазақи тұрғыда жасап киіп жүрмін, айырмашылық сода. ...Маған әлі күнге дейін жазады. "Орамалыңды шеш" дейтіндер де бар. Мен біреу үшін емес, өзім үшін құлшылық жасап отырмын", - деген ол Динара Сұлтанға берген сұхбатында.
"Келіндерім де кимешек киеді"
Танымал актриса әрі Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісованың образы кімді болса да таңғалдырмай қоймайды. Өйткені ол қазақтың ұлттық дәстүрін дәріптеп жүргендердің қатарында.
Ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында қай кезден бастап образын өзгерткенін айтқан еді.
"Келін келген кезден бастап орамалға көше бастадым. Киіп алатын, дайын орамалға көштім. Хиджаб емес. Сондай орамалдар тағып жүрдім. Кейін мойынорағыштарды таға бастадым. Үстінен орамалды киіп аламын. Сөйтіп жүргенде, өзі кимешекке айналып кетті. ..."Кимешек кигелі жолым болады" деген түйінге келдім. Келін келгелі етек-жеңімді жинай бастадым. Келіндерім екеуі де кимешек киеді. Кіші келін де бала босанғаннан кейін кимешек киеді", - деген еді ол.
Танымал әншілердің анасының ерекше образы халықтың назарынан тыс қалмаған.
"Осылай жақсы хиджаб киіп жүргендер үлгі алыңдар", "Бәрі осылай киініп жүрсе ғой, қандай керемет!", "Кимешек қандай əдемі жарасып тұр", "Киіміңіз қандай жарасымды, міне, қазақтың әжесі осындай болған, қазір бәрі тұмшаланып хиджаб киіп алады, ол біздің ұлттық киіміміз емес", - деп жазған Желідегілер.
Сара Тоқтамысова
Айтыскер-ақын әрі кейінгі кезде қыз ұзатып жүрген Сара Тоқтамысова көптен бері орамал тағады.
Желідегі сурет-видеоларға назар аударсақ, ол орамалды әртүрлі образға лайықтап, заманауи стильде киінетіні көрінеді.
"Стиліңді енді тауыпсың"
Ал Қуаныш пен Қарлығаш дуэті арқылы белгілі әнші жақында орамалға келген әрі ол образдарын заманауи киімдермен үйлестіре білген.
Желі қолданушылары бұл өзгеріс оған жарасатынын жазған.
"Орамалға келгеніңіз құтты болсын", "Ниетің қабыл болсын! Осы образыңды тастамашы", "Сізге күшті жарасады орамал", "Стиліңді енді тауыпсың", - деп жазған пікір білдірушілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлдан хиджабқа қатысты пікірін сұрап, осы даулы мәселенің аражігін ашу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының докторы Бибизия Кенжебекқызы Қалшабаевамен тілдескен едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова