Turkish Airlines әуекомпаниясының Қазаннан Аланияға ұшып бара жатқан рейсінде 17 жастағы қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі TourDom.ru сайтына сілтеме жасап.
Әуежайдың онлайн таблосындағы мәлімет бойынша, ұшақ Қазаннан 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 12.44-те ұшқан. Бір сәтте 17 жастағы қыз мүгедек қыздың жағдайы нашарлай бастаған. Қыздың жүрегі тоқтап қалған. Рейсте екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдыру жасаған. Алайда қызды аман алып қалу мүмкін болмаған.
Лайнер Оралдағы әуежайға қонуға мәжбүр болды.
Сағат 16.30-да Boeing 737 Оралдан ұшып, сағат 20.05-те Трабзонға жанармай құюға қонған. Туристер Антальяға сағат 00.20-да жеткен.
Тағы да оқи отырыңыз: Қарлұқ қағанаты қашан және қандай тарихи жағдайда құрылды?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!