“Оралдым“. Дина Төлепберген мәлімдемесінің астарын түсіндірді

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген жақында қайта оралуға қатысты жасаған мәлімдемесінің астарын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бір орында қалуды тоқырауға теңеді.

"Оралдым" дегенімді көпшілігіңіз - бұрынғы бағдарламаға қайта келді деп қабылдапсыздар. Жоқ. Ескіге бас иемін, әрине. Бірақ бір орында тоқтап қалу - тоқырау емес пе?
Менің "оралдым" дегенім - теледидарға қайта табан тіреуім. Яғни бағдарлама өзімнің 18 жыл бойы еңбек еткен "КТК" телеарнасынан көрсетіледі. Бірақ бұл жолы - өзге бір сарын, басқа бір әуен, басқаша болмыс.
Менің арманым - әр жүрекке үміт ұялату, әр жанның өз болмысын оятып, әлеммен шынайы байланыс орнатуына көмек беру. Бұл бағдарлама - өмір мәні, бақыт, рух пен саналы ғұмыр жайында.
Алғашқы қадамға қолдау білдіріп, ықылас танытып жатқандарыңызға алғысым шексіз! Жексенбі сайын бірге болайық! Бірге алға қадам басайық!" - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатқан Дина Төлепберген қуанышты жаңалығын бөліскені хабарланды. 

Еске салайық, тележүргізуші Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізуді тоқтатып жатқанын мәлімдеген болатын.

Кейінірек ол бағдарламадан неге кеткенін түсіндірді.

Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісін таныстырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!