Оралдық кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке мемлекеттік кірістер басқармасының үстінен шағым түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өйткені мемлекеттік кірістер органы қосымша 40 миллион теңге салық берешегін есептеу туралы хабарлама жіберген.
"Қосымша есептеудің себебі - жүк көлігін импорттау кезінде СЭҚ ТН кодын дұрыс көрсетпеу. Сонымен қатар импортталған тауар мәлімделген кодқа толық сәйкес келеді, бастапқыда ресімдеу кезінде есептелген және төленген кедендік төлемдер мен салықтар заңнамаға сәйкес келеді. Департамент мүдделі тараптармен кеңес өткізді. Бастапқы кедендік ресімдеудің заңдылығы туралы дәлелдер расталды", - делінген Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.
Департаменттің ұсынысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарламаны қайтарып алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!