- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралдық кәсіпкерді өлтірді...
Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер 2 айға қамалды
Оралда кәсіпкерді өлтірді деген қылмыскерлерге қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілер Қожантаев пен Амангелді тергеу кезінде қамауға алынды. Олар 6 тамызда Орал қалалық саябағында пышақ жарақатынан қайтыс болған 47 жастағы Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты күдікке ілінген болатын.
Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің денесі П.Атоян атындағы стадион тұрағынан табылған болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерге кафеде шабуыл жасалғаны анықталды.
Кейінірек күдіктілердің жеке басы анықталды, олар - кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.
Полицейлер Оралдан шығатын және кіретін жолдарды тексерген, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексерілген. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылған.
Артынша оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған еді. Кадрда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенет жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше, қайтыс болған. Күдіктілер кеше, 8 тамызда ұсталды.
С. Сатыбалдина