- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралдық кәсіпкер не...
Оралдық кәсіпкер не үшін өлтірілгені анықталды
БҚО-ның полиция департаменті оралдық кәсіпкер не үшін өлтірілгенін айтты, - деп хабарлайды uralskweek.kz.
"Қылмыскерлер мен кәсіпкер арасында уақытында төленбеген жалақы аясында түсініспеушілік болған, соңы өлімге жалғасты. Күдіктінің уахабизм немесе басқа деструктивті діни ағымды ұстанушы, радикалды идеяларды таратқаны туралы мәлімет жоқ", - деп хабарлады БҚО ДП баспасөз қызметі.
Еске салайық, 6 тамызда шамамен сағат 20.00-де Орталық қалалық саябаққа жақын маңдағы көлік тұрағында 48 жастағы Еркін Мұханғалиев қаза тапты. Ол пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Марқұм "Гүлчатай" кафесінің (бұрынғы "Астория" мейрамханасы) және "Махаббат"мейрамханасының иесі болған.
Г. Досымшалова