Оралдық 76 жастағы ер адам "УАЗ" көлігімен көше сыпырушыны басып өлтірді. Зардап шеккен жұмысшы оқиға орнында мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция дерегінше, марқұм қалалық коммуналдық кәсіпорында жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылығы оның отбасына көмек береді.
64 жастағы азамат былтыр зейнетке шығып, мекемемен еңбек келісімшартын биыл күзге дейін ұзартқан екен.
"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған азамат Жол пайдалану кәсіпорнының қызметкері екені анықталды. Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасына тиісті сараптама тағайындалады", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!