Оралдағы түрмеде сотталушы қайтыс болды. Мұны Батыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"13 тамызда шамамен сағат 16:00-де Батыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 1978 жылы туған сотталушы өз-өзіне қол жұмсады", - делінген хабарламада.
Тергеу жүріп жатыр.
"Бұл деректі Зашаған полиция бөлімінде тіркелді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаның басқа мән-жайы хабарланбады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!