- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралдағы су тасқыны:...
Оралдағы су тасқыны: хайуанаттар бағындағы жануарлар эвакуацияланды
Оралда су басу салдарынан хайуанаттар бағындағы жануарлар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
Оралда жануарлар экологиялық-биологиялық орталықтан шығарылды. Себебі оның аумағының бір бөлігін су басты.
Экологиялық-биологиялық орталық Шаған өзенінің жағасында орналасқан. Оның аумағының бір бөлігін су басқан. Хайуанаттар бағында 90 түрдегі 250-ден аса жануар бар.
Тышқандарды, егеуқұйрықтар мен тасбақаларды жүк көліктерімен алып кеткен. Есек, пони және жылқылар үшін үй-жайлар мен жылы гараждар дайындалды. Дегенмен ірі жыртқыштарды - аюларды, қасқырларды, қабыландарды шығару оңай болмаған. Оларды арнайы қоршауларда тасымалдау керек және қозғалыстың өзі өте қиын болады. Оларды тастап кетуге тура келген жағдайда торлар жаңартылып, биік орындар жасалатыны айтылды.
"Әрине, бұл жануарлар үшін жүрегім ауырады. Өйткені олар біздің көз алдымызда өсіп келеді. Біз оларды жағдайда қалдыра алмаймыз", - деді орталық директоры Фатима Кержикова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова