- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралдағы Rizyq кафесіндегі...
Оралдағы Rizyq кафесіндегі жарылыс: кінәлі адам сотталды
Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Rizyq кафесінде орын алған жарылысқа кінәлі тұлғаға айыптау үкімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, жеке кәсіпкер және Rizyq кафесінің басшысы "У" есімді сотталушы газ жабқытарын қолданудың белгіленген ережелерін бұзып, салдарынан жарылысқа және кафе ғимараты бөлігінің құлауына әкеліп соққан.
Оқиға салдарынан үш адам қаза болып, бес адам әр түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған.
Сот отырысы барысында сотталушы кінәсін мойындамады және барлық жауапкершілікті жұмысшыларына артпақ болды.
Алайда мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымы және сотқа ұсынған сотталушылардың кінәлілігін растайтын бұлтартпас дәлелдемелері айыптау үкімін шығаруға ықпал етті.
Нәтижесінде сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, мекемелерде әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық-өкімдік қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина