Батыс Қазақстан облысы Зачаганск ауылындағы "Арбат" банкет залында өрт болып, бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 21 қазанда 22.00 шамасында болған. Ас бөлмедегі техника мен бензин генераторы өртеніп кеткен.
Салдарынан 5 адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, облыстық балалар көпсалалы ауруханасына жеңіл дәрежелі көміртегі тотығымен улану белгілері бар 17 жастағы үш жасөспірім жеткізілді. Оларды дәрігерлер тексеріп, амбулаториялық емделуге жіберді.
25 және 46 жастағы ер адамдар жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!