- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралдағы қонақүйде ер...
Оралдағы қонақүйде ер адамды өлтірген әйелдің ақыл-есі кем болып шықты
Оралда қонақүйдегі ер адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Күдікті - 29 жастағы әйел. Ол өзі полицияға хабарласып, марқұмды қылғындырып өлтіргенін айтқан.
Оқиға былтыр 16 қарашада болған. Жергілікті полиция бөліміне қаладағы қонақүйлердің бірінен хабар түскен. Полицейлер оқиға орнына келіп 35 жастағы ер адамның мәйітін тапқан.
БҚО прокурорының аға көмекшісі Асқар Мерекенің айыптау актісіне сәйкес, 16 қарашада сотталушы өзінің құрбысымен бірге жергілікті саунада болғаны анықталған болатын. "Уральскя неделя" мәліметінше, олар саунада ер адамдарға ақылы интим қызмет көрсеткен.
Марқұм інісімен бірге саунаға келген. Тергеу барысында ер адам күдікті мен оның құрбысынан интим қызмет сатып алып, бірге ішімдік ішкенін анықтады. Таңға қарай күдікті әйел ішімдік сатып алып, қонақүйге кеткен. Ол бір тәулікке бөлмені жалға алған. Артынша марқұм ер адам да келген. Осылайша, екеуі қайтадан ішімдік іше бастаған. Марқұм ер адам күдіктіні интимге итермелей бастаған. Айыпталушы берген түсінікке сәйкес, ол ер адамды осы әрекеті үшін жазаламақ болған. Күдікті жуынатын бөлмеден шығып, жарықтың бауын алып, ер адамның мойнынан екі рет орап, қылғындырған.
Істі судья Шара Зайнуллина қараған. Күдікті кінәсін жартылай мойындап, Иманбаевты әдейі өлтірмегенін айтқан. Сонымен қатар, айыпталушы жезөкшелікпен айналысқанын жоққа шығарды.
Айыпталушының адвокаты Әмірхан Күлекешов үкім тым қатал деп санайды және шағым түсіретінін айтты. Оның сөзінше, іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер) қаралуы қажет болған.
"Сот айыпталушы бала кезінен психиатриялық есепте тұрғанын ескермеді. Сараптаманың ресми қорытындысы бар. Оның кісі өлтіру ниеті болған жоқ. Ол жедел жәрдем мен полицияны өзі шақырды. Біз мұндай үкіммен келіспейміз және оған шағымданамыз", - дейді адвокат.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина