Жуырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Оралдағы колледждердің бірінің бірінші курс студентін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оны жеке тексеру кезінде қалтасынан ерекше иісі бар сұр түсті кристалды зат салынған 25 zip-пакет табылып, тәркіленді.
Жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі жеткізудің мүмкін арналарын анықтап жатыр.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратумен айналысатын 25 адамды ұстады, олардың арасында 6 жасөспірім бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!