- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралдағы жарылыс: тұрғындарға...
Оралдағы жарылыс: тұрғындарға келтірілген шығынды кәсіпкер өтейді
Фото:
Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Оралда жарылыс пен өрттен үш адам қаза тапқан дәмхана орнында апаттан құтқару жұмысы аяқталды. Қираған ғимарат толығымен аршылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғада қаза тапқандар мен зардап шеккендердің дені - өрімдей жастар. Қазір тергеушілер адам өлімі мен жарылыстың себебін анықтап жатыр.
Тұрғындар мен сол маңдағы кәсіп иелеріне келтірілген шығынды мердігер өтейтін болды.
Еске салайық, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан ғимарат құлап, кейін өртенген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек