Оралда қонақүйде 35 жастағы ер адамды өлтірген Бақытгүл Иратқызының шағымы қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
15 маусымда облыстық сот 28 жастағы Бақытгүл Иратқызы мен оның адвокаты Әмірхан Құлекешовтің апелляциялық шағымын қарады.
Еске салайық, 5 мамырда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтыр 16 қарашада "Саяхат" қонақүйінде болған жантүршігерлік қылмыс қаралды. Сот шешімі бойынша, 35 жастағы ер адамды өлтірген қыз кінәлі деп танылды. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.
Басылым мәліметінше, бұл шешіммен келіспеген сотталушы үкімге шағымдануға шешім қабылдаған. Бұған Әмірхан Құлекешов Бақытгүл Иратқызының ер адамды өлтіру ниетінің болмағанын, оқиға абайсызда болғанын алға тартқан. Сонымен қатар, адвокат қыздың ойлау қабілетінің төмен екенін баса айтты.
Апелляциялық алқа шағымды қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!