Оралда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні соғып мерт қылды. Марқұмның балалары соттың әділ өтуін талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой городқа" сілтеме жасап.
Мерт болған әйел бірнеше күн бұрын ғана Алматыдан Оралға келген екен.
"Ол марқұм анасын еске алуға келді. Әжем тірі болғанда 102 жасқа толар еді, бірақ бұл күні біз әжемді еске алмадық. Сол күні анам қайтыс болды. Ол азық-түлік сатып алуға базарға барған", – дейді марқұмның үлкен ұлы".
Опат болған әйелдің балалары қайғылы оқиғаға қатысты сот әділ шешім шығарады деп үміттенеді. Үлкен ұлы автобус жүргізушісінің көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон ұстап келе жатқанына сенімді.
"Егер сот шешімі бізді қанағаттандырмаса, біз әрі қарай даулаймыз. Анам жолмен емес, оның жиегімен жүріп бара жатқан. Автобус жүрмеуі керек жаққа өтіп кеткен. Ол тұрақта тұрған көліктен түскен, – дейді марқұмның қызы.
Еске салайық, қайғылы оқиға 1 мамырда сағат 13:00 шамасында Құрманғазы көшесіндегі "Бибігүл" кафесіне қарама-қарсы аялдамада болған.
1970 жылғы автобус жүргізушісі "Тайота Камри" маркалы автокөлігіне соқтығысып, рөлге ие бола алмай, 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол апатынан 1965 жылғы әйел адам ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!