БҚО әкімдігі Оралдағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта бүгін түнде Орал кафесінің бірінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 5 адам - екі ер адам және екі әйел - жансақтауда. Бір ер адам травматология бөлімінде. Бәріне Орал қалалық көпсалалы ауруханасында дәрігер бригадасы көмектесіп жатыр", - дейді әкімдік өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Оралда дәмханадағы газ жарылып, жантүршігерлік апат болғаны хабарланған еді. 4 қаңтарда сағат 02:07-де 101 пультіне Орал қаласындағы Сырым Датов көшесі 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына 02:17 жеткен бірінші бөлімше екі қабатты "RIZYQ" дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақта өрт шыққаны туралы хабарлады.
Артынша екі адам үйінді астынан өлі табылғаны белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!