- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда зейнеткердің үйінен...
Оралда зейнеткердің үйінен 8 түп "қарасора" табылды
Фото:
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі
Оралда зейнеткердің үйінен 8 түп "қарасора" табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамызда Орал қаласы Коминтерн ауылында 1958 жылы туған зейнеткер ұсталды. Тәртіп сақшылары қарияның тұрғылықты жерін тексергенде үйдің ауласында 8 түп "қарасораны" тауып, тәркіледі. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол өсімдікті көктемде егіп, өңдеген.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан