Орал тұрғынынан 28 келі қара уылдырық пен 157 келі бекіре тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Бекіре" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында БҚО полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері құрып кету қаупі төнген балықтың дериваттарын заңсыз сақтағаны үшін 68 жастағы зейнеткерді ұстады.
Полицейлер 1955 жылғы азаматтың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде заңсыз сақталған балық пен уылдырықты тәркіледі.
Тәркіленгендер сақтау қоймаларына тапсырылды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!