Оралда заңсыз қарыз беру схемасы әшкереленді

Оралда заңсыз қарыз беру схемасы әшкереленді
Фото: ҚМА

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласында заңсыз микрокаржы қызметін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу мәліметі бойынша "Аванс 07" ЖШС басшысы тиісті лицензиясыз азаматтардан зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген. Бұл қызмет "Уральск Золото" атты дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген.

Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыз зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген.

Осы заңсыз қызметтің нәтижесінде 2 мыңнан аса қарыз берілген. Қылмыстық жолмен келген табыс көлемі 128 млн теңгеден асқан.

Сот санкциясымен күдіктінің көлігіне, 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget